Аталған жағдай 2023 жылғы 29 қыркүйекте сағат 19:15 шамасында Іле-Алатау ұлттық паркінің аумағындағы Каменка орманшылығында «Мокрый ключ» шатқалына апарар жолдағы «Аққайың» шатқалында орын алды. Белгісіз төрт адам Медеу филиалының Каменка орманшылығының инспекторына олардың ұлттық парктің аумағына заңсыз кіруіне кедергі жасамақ болған кезде шабуыл жасады.
Toyota Land Cruiser (раптормен боялған) маркалы қара түсті автокөлігімен келіп, «Мокрый ключ» шатқалындағы жабық шлагбаумды троспен тіркеп ашпақшы болған.
Қазіргі уақытта тергеу органдары сотқа дейінгі тексеру жүргізуде. Мемлекеттік инспектордың жағдайы бірқалыпты.