Ұлттық парктің ғылыми қызметкерлері ерекше қорғалатын табиғи аумақта «Сирек кездесетін өсімдіктердің таралуын зерттеу» тақырыбындағы жұмыстарын жалғастыруды. Онық мақсаты - «Көкшетау» ұлттық паркінің Қызыл кітапқа енгізілген, эндемикалық және реликті өсімдіктерін зерттеу.
Жұмыстың өзектілігі флораны түгендеу және сирек кездесетін өсімдік түрлерін зерттеу қажеттілігінде, бұл ұлттық табиғи парктің бірегей "тірі қазыналарын" сақтап қалуға мүмкіндік береді.
2023 жылғы далалық маусымда "Көкшетау" МҰТП-ның қызметкерлері табиғат қорғау мекемесінің барлық филиалдарында 18-ден астам бағыттық жолдармен жүріп өтті. Бұл аумақта шөптесін өсімдіктердің әр алуан өсу жерлері қамтылған – орманның бірнеше түрлерінің топтары, қарағай және қайың ормандары, орман алқаптары, алаңқайлар, іргелес жатқан аумақтар, жол бойындағы учаскелері және т.б. Кездескен түрлердің герабриі жиналған.
Зерттеу нәтижесінде Көкшетау ұлттық паркі аумағында сирек кездесетін және Қызыл кітапқа енген өсімдіктердің 30 түрі бар екендігі анықталды.
Сондай-ақ ЕҚТА-да көптеген солтүстік реликті өсімдіктер кездеседі – мәселен алмұртшөп, қырықұлақ, солтүстік линеясы, жатаған гудайера, еуропа жылқышөп және т.б. Мұнда Қазақстандағы сирек кездесетін плаундар - шоқпарбас және екі жүзді плаун, сондай, аумақта сирек кездесетін – тас қарақаты, Алтай ұшқаты, мойыл, шәңгіш, үшжапырақ субеделер және т.б. бар.
Ерекше қорғалуына жататын Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген өсімдіктердің 15 түрі белгіленген.
Флораны сақтау үшін сирек кездесетін, Қызыл кітапқа енген өсімдік түрлерінің, бірегей қауымдастықтардың популяцияларына, сондай-ақ жалпы өсімдік жамылғысының динамикасына жүйелі бақылаулар, өсімдік жамылғысының ықтимал өзгеру процестерін анықтау және табиғатты қорғау шараларын әзірлеу мақсатында мониторингтік зерттеулер жүргізу қажет. Шөптесін өсімдіктердің толық тізімін жасақтау мақстаныдааталмыш зерттеуді жалғастыру қажет.
«Көкшетау» МҰТП аумағында индикаторлы өсімдіктердің 12 түрі белгіленген, оның ішінде 2- сүрек, 6- бұтақты, 4- шөптесін.