Бұл «Сайрам-Өгем» мемелекеттік ұлттық табиғи паркіндегі 11 туристік маршруттың бірі;
Негізгі мақсаты – туристерді Батыс Тянь-Шаньның бірегей табиғатымен таныстыру;
Туристік маршруттың ұзындығы16 км (кіре берістен бастап, қайтар жолды есептегенде);
Туристік соқпақты 6-8 сағат аралығында жүріп өтуге болады. Жолда көтеріліп, түсетін аумақтар бар;
Жақында Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасының қолдауымен туристік маршрут қайта абаттандырылды – кіру аймағы жаңартылып, арт-объектілер, ұлттық парктің биологиялық алуантүрлілігі туралы ақпарат жазылған стендтер мен нұсқағыштар орнатылды;
Барлық элементтер табиғи материалдардан әзірленіп, жергілікті табиғатпен үйлесім тапқан.