Солтүстік Қазақстандағы таңғажайып мекен

Солтүстік Қазақстандағы таңғажайып мекен

"Көкшетау" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі еліміздің солтүстігінде Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында орналасқан. Оның аумағына Зеренді, Шалқар, Имантау және Айыртау таулы орман ландшафтары кіреді, оның ішінде Зеренді, Шалқар, Имантау, Белое, Байсары, Лобаново, Ақбас және Құмдыкөл көл акваториялары бар.

Көкшетау ұлттық паркінің аумағын жиі Швейцариямен салыстырады, өйткені табиғаты ұқсас. Территорияның 60% орманды алқап, арасында негізгі бөлігі типтік қауырсынды өсімдіктермен жабылған далалы аймақ кездеседі.

Белое және Шалқардан басқа көлдердің суы тұщы және таза. Шалқар көлі өзінің емдік қасиетімен әйгілі, оның құрамында аздаған тұз концентрациясы бар.

Парк аумағы жануарлар мен өсімдіктер әлеміне бай - ормандарда бұлан, бұғы, қабан және басқа да көптеген жануарлар түрлері кездеседі. Аймақты көлдер ақ балық, тұқы, шортан, алабұға сияқты құнды балық түрлеріне бай.

Туристердің сүйікті соқпақтарының бірі ұлттық парктің Шалқар филиалының аумағынан өтетін, екі жақтан ұзындығы 13 км болатын «Екі ағайынды» шоқысы.  300 метр биіктікте тау екіге бөлінген. Шыңында көру алаңы орналасқан. Бұл жерден Шалқар филиалының аумағы толықтай көрінеді – көл, жақын маңдағы ауылдар, биіктігі әртүрлі көптеген шоқылар, сондай-ақ аудан орталығы Саумалкөл ауылы.