Абай облысында бес тікұшақ орман өртін сөндіруде

Абай облысында бес тікұшақ орман өртін сөндіруде

Естеріңізге сала кетейік, резерват аумағындағы өрт 22 мамыр күні сағат 15:00 шамасында анықталған.

2023 жылғы 24 мамыр сағат 9:00дегі жағдайға сәйкес тілсіз жауды ауыздықтауға 112 бірлік техника мен 428 адам жұмылдырылған.

Қазіргі таңда шамамен 3 мың га аумақ өртке оранған. 10-ға жуық үлкен және кіші орман өрт ошақтары тіркелген.

Елді мекендерге қауіп төнуіне орай Березовка шипажайы мен Березовка қосшардан 277 адам эвакуалияланды.

 Орман шаруашлығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасы Н.Н.Қылышбаев пен Орман шаруашылығын дамыту басқармасының басшысы М.Н. Нұрпейісов оқиға орнында.