
19 сәуір күні Райымбек ауданы ПБ кезекші бөліміне Сарыбастау кентінің тұрғынынан мал жаю кезінде әлсіреген қар барысы (артқы аяқтарының қозғалыс функциялары бұзылған) кезіккендігі жайлы хабарлама келіп түсті.
Оқиға орнына «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК инспекторлары, Райымбек ауданы полиция бөлімі қызметкері, табиғат қорғау полициясы барып, акт толтырылды.
20 сәуір күні Қызыл кітапқа енген жануар Алматы хайуанаттар бағына жеткізілді.