Маралдар Алматы қорығының Оң Талғар, Сол Талғар, Орта Талғар, Манах, Логунова, Кіші бұлақ, Қарбастау шатқалдарында орнатылған фототұзақтарға түсіп қалған, сондай-ақ аталмыш жануар 3400 метр биіктікте, “Сақтар жазығына” қойылған фототұзақтың алдынан да өткен.
Байқағандарыңыздай, бұл тұяқтылар күндізгіге қарағанда кешке, түнде, таңсәріде белсенді. Айта кету керек, жүргізілген санақ бойынша Алматы қорығы аумағында 75 марал мекен етеді.