Бұл ақбөкенді, оның дериваттарын, сондай-ақ жабайы фаунаның басқа да түрлерін аулаумен, сатумен айналысатын маманданған ұйымдасқан қылмыстық топтарды анықтау және жолын кесу бойынша жұмысты күшейту мақсатында қабылданатын дәстүрлі шара.
Табиғат қорғау акциясын Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің аумақтық бөлімшелері, "Охотзоопром "ӨБ" РМҚК инспекторлары мен Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігінің және ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметінің қызметкерлерімен бірлесіп Абай, Ұлытау, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл Батыс, Шығыс, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар облыстарында өткізіледі. "Киік" акциясы жылына 2 рет – 1 желтоқсаннан 31 желтоқсанға дейін аталмыш жануарлардың күйлеу кезеңінде, сонымен қатар 15 сәуір мен 15 мамыр аралығында төлдеу кезеңінде жүргізіледі.
2022 жылы аталмыш шара нәтижесінде «Охотзоопром «ӨБ» РМҚК инспекторлары 38 браконьерлік фактісін анықтады, киіктің 125 ұшасы мен 12 308 мүйізі тәркіленді.
Айта кетейік, 2019 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша браконьерлікке қарсы жауапкершілік күшейтілді. Браконьерлікпен және жануарларды заңсыз аулаумен күрес ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі жұмысының басым бағыттарының бірі болып табылады.
Естеріңізге сала кетейік, киіктерді заңсыз аулағаны, ұстағаны, сатып алғаны, сақтағаны, сатқаны, тасымалдағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жасасы қарастырылған.