ҚР ЭТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің бұйрығымен Ахметов Елнұр Мұхамеджанұлы «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің директоры лауазымына тағайындалды.
Елнұр Мұхамеджанұлы 1984 жылы Алматы облысында дүниеге келген.
Қазақ ұлттық аграрлық университетін орман инженерлік ісі мамандығы бойынша тәмәмдап, кейін ауылшаруашылық магистрі академиялық дәрежесін алды.
2019 ж. «Silkway» Халықаралық университетін құқықтану мамандығы бойынша тәмәмдады.
Еңбек жолын 2006 жылы «Іле-Алатау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің мемлекеттік инспекторы болып бастап, кейін Ақсай орманшылығының орманшы көмекшісі, орман дамыту инженері қызметтерін атқарды.
2009-2010 ж. аралығында «Іле-Алатау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі «Ақсай» филиалы директорының орынбасары, «Талғар» филиалы директоры;
2013 ж. «Көлсай көлдері», «Шарын» ұлттық парктері директорының орынбасары;
2013-2023 жылдар аралығында «Шарын» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі директоры қызметін атқарды.