Қаратаудағы арқар саны шамамен 30 есе өскен

Қаратаудағы арқар саны шамамен 30 есе өскен

2004 жылы ЕҚТА құрылған уақытта, Қаратау қорығы территориясында Қаратау арқарының саны небәрі 40 басты құраса, 2022 жылы көрсеткіш 1136 басқа жеткен. Биылғы жылғы көктемгі санақ 31 наурызға дейін жалғасады.

Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы Оңтүстік Қазақстан облысындағы Тянь-Шаньның солтүстік-батыс доғаларының тармағы болып табылатын Қаратау жотасының орталығында орналасқан. Қорық Бетпақ дала, Қызылқұм, Мойынқұм шөлдерімен шектеседі. Оның жалпы ауданы 34 300 га.