“Шарын” мемлекеттік ұлттық табиғи паркі ҚР Үкіметінің 23 ақпан 2004 жылғы № 213 бұйрығымен, Алматы облысында экологиялық, тарихи-ғылыми, эстетикалық табиғат байлығын қалпына келтіру және сақтау мақсатында құрылған.
Қазіргі кезде парктің жалпы аумағы 127 050 га. Мұнда 34 түрлі сүтқоректі, бауырымен жорғалаушылардың 18, қосмекенділердің 4 және 100-ден аса құс түрі мекендейді. Сонымен қатар, парк аумағында 1000 – ға жуық жоғары сатыдағы тамырлы өсімдіктер тіркелген.
Шарын МҰТП-де ұзындығы 30,5 шақырым болатын 4 туристік бағыт жұмыс істейді. Туристертің ең сүйікті орны - теңіз деңгейінен 1300 метр биіктікте орналасқан Шарын шатқалы “Қамалдар алқабы”.
Фото: Батыржан Сейдомар