Қызылорда облысында браконьерден 26 киік тушасы тәркіленді

Қызылорда облысында браконьерден 26 киік тушасы тәркіленді

«Охотзоопром» ӨБ» РМҚК инспекторлары мен құқық қорғау органдарының бірлескен рейдтік іс-шаралары барысында қызылорда облысы Сексеуіл кентінен 38-жасар жергілікті тұрғын ұсталды. Күдіктінің үйін тексеру барысында 26 киік тушасы табылып, тәркіленді.

Аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 339-бабының 2- тармағымен қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.