Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары өтті

Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары өтті

Орман шаруашылығы және жануарлар комитеті төрағасының орынбасары Ким А.В., жануарлар дүниесі және аңшылық шаруашылығы басқармасының бас сарапшысы Абдрахманов А.О. жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына барды. Комитет өкілдері облыс әкімінің жұмыс сапарына қатысып, Казталов, Жәнібек, Жаңақала және Бөкейорда аудандарының тұрғындарымен және фермерлерімен кездесу өткізді. Сұрақ-жуап форматында өткен жиын барысында киік популяциясын басқару мәселелері талқыланды.

Естеріңізге сала кетейік, орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті ғылыми ұйымдармен бірлесіп, 2023 жылы ақбөкендер популяциясына ғылыми зерттеу жүргізуді жоспарлауда, оның барысында аталған жануардың даму болжамдары, таралу аймағы мен көші-қон жолдарын нақтылау, ақбөкендердің азықтық базасын зерделеу, ауыл шаруашылығымен бәсекелестікті төмендету жөнінде ұсыныстар әзірленетін болады.

Сондай-ақ, комитет өкілдері Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан облыстық аграрлық-техникалық университет жанындағы "Жәрдем ВЕТ" оқу-ғылыми өндірістік орталығына барып, МЖС аясында қаңғыбас иттер мен мысықтарды стерилдеу және вакцинациялау  жүргізіп, табиғи ортаға жіберу жұмыстарымен танысты. Сонымен қатар, аталған жұмыс тобы Батыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы ұжымымен кездесу өткізіп,  сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін сақтау мәселелерін талқылады.