"Кімасар" бақылап өткізу пункты ашылды

"Кімасар" бақылап өткізу пункты ашылды

Ол Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі  Медеу филиалы Кіші-Алматы орманшылығы Кімасар шатқалында ораналасқан.

Бекеттен жоғары жол бойында демалыс орындары, яғни үстелдер, скамейкалар орнатылған. Бақылау пунктінен шамамен 1 км. жерде автокөлік тұрағы бар, одан ары жаяу жүргіншілер жолы басталады.

“Кімасар” арқылы Бутаковка шатқалына өтуге болады, сонымен қатар кіші Кімасар сарқырамасына, Фурманов-Панорама, Шымбұлақ, Бушата шыңдарына көтеріле аласыз.

Айта кету керек, ағымдағы жылдың 27 қаңтарынан бастап бақылап өткізу бекетінен өту ақылы, құны 545 тг-ні құрайды. Оның ішінде 345 тг ҚР Салық кодексінің 589-592-баптарының негізінде 0,1 АЕК мөлшерінде ерекше қорғалатын табиғи аумақты пайдаланғаны үшін салық аударымы болып табылады. 200 тг мөлшерінде сома ҚР ЭГТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің  30.12.2020 ж. № 27-56/253 бұйрығымен бекітілген тарифтерге сәйкес ұлттық парк аумағын санитарлық тазарту және абаттандыру бойынша қызмет көрсеткені үшін алынады.

Аталған бекеттен өту зейнеткерлер мен ардагерлерге тегін.