Баянауыл ұлттық паркі

Баянауыл ұлттық паркі

Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі 1985 жылы 12 тамызда құрылды. Бұл еліміздің аумағында құрылған ең алғашқы ұлттық парк.

Жалпы ауданы 68452,8 га құрайды, оның ішінде орманмен жабылғаны 19076га-ға тең.

        Басқа ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға қарағанда мұнда табиғи ескерткіштер көптеп кездеседі. Парк аумағында 24 археологиялық табиғи ескеркіштер орналасқан - Драверт үңгірі, құмыра, тастағы көне жазулар, саймантас (үш тас), көгершінтас, атбасы тасы, найзатас жартасы және т.б.

🔹Әйгілі 4 көл-Торайғыр, Біржанкөл, Сабындыкөл және Жасыбай осы парк аумағында орналасқан.

        Ұлттық паркте 14 туристік бағыт бар. Бұл маршруттарда демалушыларға барлық жағдай жасалған-арнайы демалатын орын, бақылау алаңы жабдықталған. Туристік маусымда шамамен 107 мың адам ұлттық паркке келеді.
 
       🌱Баянауыл МҰТП аумағында 552 өсімдік түрлері бар. Оның бесеуі Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген-көктем жанаргүл, ашық қындызшөп, қызғалдақ, қара қандыағаш, боз селеу.

       Мұнда жануарлардың 45, құстардың 11, балықтардың 13 түрі бар.