Киік жайлы не білеміз?

Киік жайлы не білеміз?

Киік – айыр тұяқты ешкі тұқымдас жабайы дала аңы. Қазақстанда аталмыш жануардың әлемдік популяциясының 98% мекендейді. Олар үш популяцияға бөлінген – Орал, Бетпақдала және Үстірт.

Қазақтар үшін киелі саналатын киік жануарына халқымыз екі атау берген. Жазда табын жазық дала құмымен түстес кезеңінде киік десе, қыс мезгілінде жүні қалыңдап, ақ түске оранған кезеңінде ақбөкен дейді.

Табиғи ортада бұл жануарлар жынысына байланысты аталығы 4-5 жыл, ал аналығы 8 ден 10-12 жылға дейін өмір сүреді.

Қарашадан желтоқсанға дейін киіктердің күйлеу кезеңі өтеді. Бұл уақытта көбіне аталықтары әлсіреп, күштері жойылғаннан жабайы жануарлардың жемтігіне айналады, әсіресе қасқырлар көп шабуылдайды. Сонымен қатар, ақбөкендердің өмір сүруінің ұзақтығына ауа-райы да әсер етеді – қатты аяз бен қардың қалың түсуі, жануарға жем табуды қиындатады. Зоология институтының ғалымдарының сөзінше, ауа-райының қолайлы күндерінде күйлеу кезеңінен кейін  аталық жануарлардың табиғи жағдайдағы өлім-жітімі 5-10% болса, қатал қыста 50-70% дейін жетеді.

Әлсіреген жануарларды кездестірген жағдайды мына нөмірлерге хабарласыңыздар 8(708) 352 20 57, 8(717) 2740646.