Ол 1997 жылы бастау алған.
Осыған орай Қазақстанның ерекше қорғалатын табиғи аумақтары туралы бірнеше факт - елімізде 14 ұлттық, 3 өңірлік парк, 10 қорық және 7 резерват бар.
Бірінші қорықтар құрылды.
Олардың ішіндегі ең көнесі және әйгілісі 1926 жылы құрылған Ақсу-Жабағылы қорығы. Ол Орталық Азияда алғашқы болып ЮНЕСКО-ның биосфералық резерваты мәртебесін алған.
Еліміздегі ең жас Қаратау қорығы 2004 жылы құрылды. ЕҚТА эндемиктер саны жағынан Республика бойынша алдыңғы қатарда.
1985 жылы елімізде ең алғашқы болып Баянауыл ұлттық паркі құрылды. Оның ауданы 68,5 мың га.
Ал, Қазақстандағы территорясы ең үлкен ұлттық парктің ауданы жарты миллион гектардан асады. Ол екі елмен - Қытаймен және Ресеймен шектесетін Катон-Қарағай ұлттық паркі.
ЕҚТА құрудағы басты мақсат - бірегей табиғи кешендер мен экожүйелер, сонымен қатар жануарлар мен өсімдік түрлерін келешек ұрпақ үшін сақтау.