
Естеріңізге сала кетейік, экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі қазақы тазы мен төбет ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту мәселелері бойынша уәкілетті орган ретінде белгіленген.
Қазақы тазы мен тобет тұқымдарын сақтау және өсімін молайту мақсатында аталған заң аясында уәкілетті органның құзіретіне нормативтік-құқықтық актілерді бекіту, оның ішінде қазақы ит тұқымдарына арналған ұлттық орталықты айқындау кірді. Орталықтың қызметіне қазақы ит тұқымдарын сақтау, өсімін молайту бойынша қызметті жүзеге асыру, аталмыш ит тұқымдарымен жұмыс жасайтын сарапшы мамандарды оқыту, кинологиялық қызмет бойынша сарапшыларды оқыту, шығу тегі туралы куәлік бере отырып, ит тұқымдарының санын көбейту, бірыңғай асылтұқымдық иттер кітабын жүргізу, жеке және заңды тұлғалармен бірлесіп, қазақы ит тұқымдарының стандарттарын әзірлеу, аталған жануарларға арналған әртүрлі дәрежелі сынақтар, көрмелер, байқаулар, жарыстар ұйымдастыру және өткізу кіреді.