«Алтын дала» резерватына 10 жыл

«Алтын дала» резерватына 10 жыл

Ерекше қорғалатын табиғи аумақ  2012 жылы 27 қарашада Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен  ұйымдастырылды.Оның жер көлемі – 489 766 га алқапты қамтиды.

 Бұл табиғи резерват Қостанай облысының Амангелді және Жанкелдин аудандарының аумағында орналасқан далалы, шөлейтті, шөлді, шалғынды және сулы батпақты алқаптардың табиғи экожүйелері мен ландшафтылық ерекшеліктерін және еліміздегі ақбөкендердің Бетпақдала популяциясын қорғауды көздейді.

«Алтын дала» мемлекеттік табиғи резерватының аумағы 3 кластрлі учаскеге бөлінген: 1. Сарықопа – 52 115 га (Сарықопа көлдер жүйесі). 2. Тосынқұм – 95 881 га (Тосынқұм құмы, Торғай өзенінің сол жағалауы). 3. Ұлы Жыланшық – 341 670 га (шөлейттенген далалы алқап, Ұлы Жыланшық өзенінің жағалауы).

Резерват Қостанай облысының Жангелдин және Амангелді аудандарының жерлерінде құрылған. Оның аумағына киіктердің популяциясына кіретін негізгі мекендеу, қоныс аудару және төлдеу жерлері енді. 

Резерваттың флорасына 370 астам түр кіреді, оның ішінде 23 түр әртүрлі сирек санаттарға қатысты. Мұнда сондай-ақ Қазақстанға арналған өсімдік қауымдастығының қылқанды дала және тораңғы шоқ ормандары сирек кездеседі. Омыртқалы жануарлар фаунасы сүтқоректілердің 57 түрін, құстардың 275 түрін, бауырымен жорғалаушылардың 11 түрін, қос мекенділердің 4 түрін және балықтың 9 түрін қамтиды.

Мұнда сондай-ақ Қазақстанның ең ірі тұйық өзен бассейні (Торғай және Улы Жыланшық өзендері) мен бірегей көлдер жүйесі, оның ішінде өңірдегі ең ірі бұлақтық орнитологиялық аумақ - Сарықопа көлінің тұщы сулы жүйесі бар.

 

Фото: inform.kz