23 қазан-Халықаралық қар барысы күні

23 қазан-Халықаралық қар барысы күні

Қар барысы еліміздің символына айналған, сирек кездесетін ірі жыртқыштардың бірі. Ол 1978 жылы еліміздің Қызыл кітабына енгізілген.

Жыртқыш 9 ерекше қорғалатын табиғи аумақта мекендейді. Атап айтсақ, Іле-Алатау, Жоңғар-Алатауы, Көлсай-көлдері, Катонқарағай, Сайрам-Өгем, Шарын, Алтын-Емел ұлттық парктерінде және Алматы, Ақсу-Жабағылы қорықтарының территорияларында кездеседі.

Елімізде табиғат қорғау мекемелері – ұлттық  парктер мен қорықтарды құрудың нәтежиесінде, сонымен қатар олардың территорияларын кеңейту шараларының арқасында қар барысы популяциясының оң динамикасы мен өсуі байқалады.

1990 жылдардың басында аталмыш жыртқыштың Қазақстандағы саны 80-100 болса, 2010 жылдардың басында-110-130 басты құрады.

🔹Ал қазіргі уақытта Қазақстанда қар барысының жалпы саны 140-180  басты құрайды.  Әлемде 4000-ға жуық қар барысы бар.