ЕҚТА-да ғылыми қызметті жүргізу: "Алтын-Емел" МҰТП, "Шарын" МҰТП

ЕҚТА-да ғылыми қызметті жүргізу: "Алтын-Емел" МҰТП, "Шарын" МҰТП

2022 жылғы 21 қазанда ZOOM платформасында Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті өкілдерінің және табиғат қорғау мекемелерінің басшылығы мен ғылыми қызметкерлерінің қатысуымен ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда ғылыми қызметті жүргізуге қатысты "Алтын-Емел" МҰТП және Шарын МҰТП тыңдау өткізілді.

Тыңдау барысында Алтын-Емел  және Шарын ұлттық парктерінің қызметкерлері ғылыми қызметті жүргізу бойынша  баяндамалар мен презентациялар ұсынып, ғылымның әртүрлі бөлімдері мен бағыттары бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоспарына сәкес атқарылған жұмыстар талқыланды, мысалы:

"Шарын ұлттық паркінің орнитофаунасын түгендеу және оның маусымдық аумақтық таралуы";

"Соғды күлінің табиғи екпелерінің жай-күйін орман шаруашылығы-экологиялық бағалау және оның жаңаруын зерттеу";

"Табиғи және антропогендік факторлардың сирек кездесетін, жойылып  кету қаупі бар және  эндемикалық өсімдіктерге,  Алтын-Емел ұлттық паркі  өсімдік жамылғысына әсері;

"Алтын-Емел" МҰТП шөлді және жайылмалы териофауна кешенінің қазіргі жағдайы, сондай-ақ табиғат қорғау мекемелерінің табиғи процестерге мониторинг жүргізуі және табиғат шежіресінде нәтижелерді бекіту»

Бұдан басқа, ғылыми қызметті жүргізу бойынша проблемалық мәселелер айтылды, оларды шешу жолдары қарастырылатын болады.