
Сабаншы – аса сақ әрі жасырын тіршілік ететін жыртқыш сүтқоректі аң. Мысықтар тұқымдасына жататын жануар денесінің бір шаршы сантиметрінде 9 мыңға дейін түк өсуі мүмкін. Сондықтан олар -50°C суыққа шыдайды.
Елімізде 1976 жылдан бастап сабаншыны аулауға тиым салынған.