Президент Алматыдағы Бас ботаникалық бақты 90 жылдық мерейтойымен құттықтады

Президент Алматыдағы Бас ботаникалық бақты 90 жылдық мерейтойымен құттықтады

Мемлекет басшысы Ботаника және фитоинтродукция институтына құттықтау хатын жолдады.

«90 жыл ішінде институт іргелі ізденістер жүргізіп, ауқымды жобаларды жүзеге асырып, ботаника ғылымын дамытуға зор үлес қосты. Ғылыми зерттеу мекемесі Қазақстанның өсімдіктер әлемін жан-жақты зерделеп, осы сала туралы құнды мәлімет жинады. Ғалымдарымыздың мол тәжірибесі мен ғылыми жұмыстары ел ішінде ғана емес, халықаралық деңгейде сұранысқа ие болып отырғаны қуантады»,-делінген Қасым-Жомарт Тоқаев жолдаған хатта.

1932 жылы негізі қаланған, бүгінгі таңда институт, Орталық Азия мен Қазақстан флорасын зерттеуде, Қазақстанның өсімдік әлемін қорғау, молықтыру және пайдалануда, сондай-ақ әлемдік маңызы бар Қазақстан флорасының ресурстарын тиімді сақтау мен игерудің ғылыми негіздерін әзірлеуде жетекші орын алады. Аталмыш бақта 70-80 жылдары дайындалып шығарылған өсімдіктер ассортименті ҚР қалалары мен елді мекендерін көгалдандыруға негіз болды.

Қазіргі уақытта институттың  жабайы жеміс өсімдіктерінің коллекциялық қорында 300-ден астам формалар бар, олардың ішінде тек Сиверс алма ағашы 173 формадан, өрік 96 формадан, грек жаңғағы 16 формадан тұрады.