Іс-сапардың мақсаты-ұлттық парк аумағында экотуризмді дамыту мәселелерін талқылау.
«Баянауыл»-еліміздегі алғашқы ұлттық саябақ. Ол 1985 жылы Баянауыл тау алабының табиғи флорасы мен фаунасын сақтау және қалпына келтіру мақсатында құрылған.
Соңғы жылдары, Жақсыбай көліне келіп демалушылар саны айтарлықтай артқан, бұл ұлттық парктің экожүйесіне рекреациялық жүктеме әкеледі. Осыған орай, вице-министр Торайғыр көлінің жанында орналасқан "Жақсыбай көлі-Сәкен жар жартасы" жаңа туристік маршруты әзірленгенін атап өтті.
Ұлттық парк аумағындағы инфрақұрылымды жақсарту мақсатында «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Заңға жетілдірулер енгізу жоспарлануда.
Онымен қоса, Сабындыкөл және Торайғыр көлдерінің потенциалы толыққанды ашылмауына байланысты, аталмыш көлдердің аумақтарында экотуризмді дамыту жоспарлануда.
Жиында Баянауыл ұлттық паркінің аумағына кіруді автоматтандыру және келген туристер санын есепке алу мәселесі де талқыланды. Министрлік бақылау-өткізу пунктерінің автоматтандырылған төлем жүйесін енгізуді жоспарлап отыр.
Қабылданған шешімдердің ашық түрде жұмыс жасауын қамтамасыз ету үшін, ұлттық парк жанынан Үйлестіру кеңесі құрылды.
Айта кету керек, "Баянауыл" мемлекеттік ұлттық табиғи саябағына келушілер саны жыл сайын артуда. Былтырғы жылғы көрсеткіш 56 200 адамды құрады.