Көңіл айту хаты
Ғалым Тұрғамбайұлының қайтыс болуына байланысты туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз.
Ғалым Тұрғамбайұлы ұзақ жылдар бойы басшылық қызметте істеп, ел эканомикасының нығайуына, ауыл шаруашылығының дамуына өлшеусіз үлес қосқан жан. Компартияның тұсында үш ауданды басқарып, табанды еңбегінің арққасында Алматы облысындағы Ақсу, Көксу, Панфилов аудандарының "Құрметтi азаматы" атанды.
Ғалым Тұрғамбайұлы қызметінің соңғы жылдарын еліміздің қоршаған ортаны қорғау саласына арнап, табиғи байлығымызды келер ұрпаққа аманат қылып жеткізу үшін ерен еңбек етті. «Алтын-Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің негізін қалап, мекеменің одан әрі дамуына аянбай тер төкті.
Марқұм бірталай табиғат қорғау саласындағы мамандарды тәрбиелеп, белін буып, биоалуандықты қорғау жұмыстарына үйреттіп кетті. Қазір шәкірттері табиғат қорғау саласында басшылық қызметте міндеттерін аброймен атққарып жүр.
Жақын адамның қайтыс болуы-бұл үлкен қайғы және қиын сынақ. Өз өмірін адал және абыроймен өткізген, өзінің жақсы істерінің жемісін қалдырған адамның жарқын естеліктері әрқашан мәңгі болмақ.
Өзімнің атымнан және Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің ұжымы атынан Ғалым Тұрғамбайұлының жақындары мен ағайын-туыстарына қайғырып көңіл білдіремін.
ҚР ЭГТРМ Орман шаруашылығы
және жануарлар дүниесі
комитетінің төрағасы Н. Қылышбаев