Жаңа жыл алдында шыршаны заңсыз кесуден қорғау үшін 510 мобильді топ жұмыс жасайтын болады.

Жаңа жыл алдында шыршаны заңсыз кесуден қорғау үшін 510 мобильді топ жұмыс жасайтын болады.

Алдағы мерекені күту мерекенің өзінен гөрі қиындық тудырады, әсіресе егер ол жаһандық пандемия кезінде белгілі бір шектеулер мен карантиндік шаралар жағдайында болса.

Отбасылардың басым көпшілігінде жаңа жылдық шыршаны қою немесе қоймау, егер қойылса, тірі немесе жасанды, сондай-ақ қайда қабылдау туралы мәселе шешіледі.

ҚР ЭГТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «2021 жылдың жаңа жыл алдындағы кезеңінде қылқан жапырақты ағаш тұқымдыларының жас талдарын қорғауды күшейту туралы» 2021 жылғы 22 қарашадағы № 27-5/254 бұйрығына сәйкес мемлекеттік орман қоры аумағында ағымдағы жылдың 1 желтоқсанынан бастап қылқан жапырақты ағаш тұқымдыларының жас талдарын тәулік бойы кезекшілік ету үшін мемлекеттік орман күзетшілермен 510 мобильді топтар құрылып, 178 стационарлық бекеттер орнатылды. Сондай-ақ, Комитетке бағынысты облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциялары, құқық қорғау органдарымен мобильді топтар құрып, бөлшек саудада жаңа жылдық шыршалар сатылуына (құрама шыршалар мен контейнерлердегі тірі шыршалардан басқа) шектеу қойылуына бақылау жүргізуде.

БАҚ арқылы шыршаларды қорғауды насихаттау бойынша 28 мақала жарияланды.

Жаңа жыл алдындағы кезеңінде қылқан жапырақты ағаш тұқымдыларының жас талдарын егер айтарлықтай залал келтіре отырып (100 АЕК) заңсыз кесу анықталса ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 381-1 бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке, егер 100 АЕК жоғары залал келтірсе ҚР Қылмыстық кодексінің 340 бабы бойынша қылмыстық жауапкерщілікке тартылады.

Сонымен қатар жаңа жыл алдындағы кезеңде қылқан жапырақты тұқымдастардың шыбықтары мен өскіндерді жою немесе зақымдау (қараша-желтоқсан) «Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзудан келтірілген залалдың мөлшерін есептеуге арналған базалық ставкаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 31 мамырдағы № 441 Қаулысына сәйкес залалды өтеу, 1 данасы үшін 15 АЕК (2917 * 15АЕК = 43775 тг) құрайды.

Құрметті азаматтар, ормандарымызды қорғап, табиғатымызды сақтайық.