Қазақстанда жаңа ұлттық парк құрылды

Қазақстанда жаңа ұлттық парк құрылды

 

Бұл туралы ҚР Экология министрі C.Брекешев өзінің твиттер желісіндегі парақшасында хабарлады.

Атап айтсақ, 7 желтоқсан күні ҚР Үкіметінің № 867 қаулысына сәйкес Қазақстанда «Ұлытау» ұлттық паркі құрылды.

«Ұлытау» ұлттық паркі ҚР Президентінің тапсырмасы аясында құрылып отыр.

Парк Қарағанды өңірінде орналасатын болады, оның аумағы 58,9 мың гектарды құрайды.

Парктің мақсаты – ерекше экологиялық әрі ғылыми құндылыққа ие мемлекеттік табиғи кешендердегі биологиялық және ландшафтық саналуандықты сақтау және қорғау.

«Ұлытау» ұлттық паркі – Қазақстандағы 14-ші мемлекеттік табиғи парк.