Түркістан облысында БАҚ өкілдеріне баспасөз туры ұйымдастырылды.

Түркістан облысында БАҚ өкілдеріне баспасөз туры ұйымдастырылды.

Түркістан облысында БАҚ өкілдеріне баспасөз туры ұйымдастырылды.

Түркістан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының қолдауымен  Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К.Тоқаевтың  2020 жылғы 1 қыркүйектегі мемлекеттік орман қоры жерлерінде 2 млрд. ағаш отырғызуға қатысты Жолдауын орындауда мемлекеттік орман қоры жерлерінде 2 млрд. ағаш отырғызу мәселесі бойынша БАҚ өкілдері үшін баспасөз туры ұйымдастырылып, өткізілді.

Аталған баспасөз турына Түркістан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының Орман және ЕҚТА бөлімінің басшысы Н.Уразымбетов, Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының Орман шаруашылығы және ЕҚТА бөлімінің басшысы Қ.Жорабаев және «Жасыл-Аймақ» КММ-нің директоры А.Куламетов қатысты.

Баспасөз турдың шеңберінде БАҚ өкілдері Жасыл-Аймақ орман шаруашылығы мекемесіне барып, тәлімбақтарында тұқым себу, орман қоры жерлерінде ағаш отырғызу бойынша жұмыстарымен танысты.

Облыс әкімінің бастамасымен Түркістан қаласы Бас жоспарына сәйкес, экологиялық ахуалды жақсарту мақсатында қала айналасынан Жасыл белдеу құру жоспарланып, 2019-2020 жылдары 4700 гектар жерге 3 млн 212 мың 920 дана көшет егілсе, 2021 жылы  3300 гектар жерге 8 млн 915 мың 900 данажапырақты ағаш көшеттері егілді. Қазіргі күнге Жасыл белдеудің жалпы алаңы 13 220 гектарға жетті.

Жоспарға сәйкес бес жыл ішінде облыс аумағында 110 мың гектар алаңда 170 млн. әр түрлі тұқымдылардың көшеттерін отырғызу жоспарланған.

Кешенді жоспарды іске асыру мақсатында 2021 жылы облыстың орман және табиғат қорғау мекемелері 3300 га ауданға 8915,9 мың дана орман ағаштары отырғызылды. Оның ішінде «ҚазАтомпром» компаниялары өтемдік ағаштар егу жүргізіп, 3020 гектарға 8293,6 мың дана сексеуіл көшеті отырғызылып, 2500 гектар жерге сексеуіл тұқымы себілді. Сонымен қатар, ағымдағы жылы орманды молайту шаралары бойынша 1000 гектар жерге мәдени орман екпелерін егу (Бадам КММ-100 га, сексеуіл-900 га, оның ішінде Созақ-300 га, Отырар -300 га, Шардара-300га) және 10 600 гектар жерге сексеуіл тұқымын себу жұмыстары жүргізілуде (Созақ –3550 га, Отырар – 3550 га, Шардара – 3500 га).

Осы жұмыстарды орындауға жалпы 10600 га жерге сексеуіл тұқымын себуге 60,9 мың кг сексеуіл тұқымдары және 900 га жерге сексеуіл көшеттерін егуге 1695,9 мың дана сексеуіл көшеттері дайындалды.