Ақмола облысының аумағында ормандарды молықтырудың кешенді жоспарын іске асыру туралы мәліметтер
Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі орман қорында бес жыл ішінде 2 млрд.астам ағаш отырғызуға қатысты Қазақстан халқына Жолдауын орындау үшін Ақмола облысында 2021-2025 жылдарға арналған ормандарды молықтыру мен орман өсірудің кешенді жоспары әзірленді. Осы жоспарда 2021-2025 жылдары 42 565,07 га алаңда қылқан жапырақты және жапырақты тұқымдықтардың 193,3 млн. дана екпе ағаштарын құру көзделген.
Ағымдағы жылдың көктемгі кезеңінде Ақмола облысының орман шаруашылығы мекемелері жалпы ауданы 4230,01 га, отырғызылған отырғызу материалдарының саны 16 млн. 200 мың дана, жоспар 3839,56 га болған кезде ағаштардың саны 15 млн. 370 мың дана, бұл оның 110,3% құрайды:
Ақмола облысы бойынша барлық орман иеленушілер орман дақылдарын толық көлемде отырғызды.
2021 жылғы 16 қарашадағы жағдай бойынша орман иеленушілер орман тәлімбағында 25,1 га алаңға 4472,4 кг орман тұқымын септі, 12,9 тонна орман тұқымын жинады.
Сонымен қатар, отырғызу материалдарымен қамтамасыз ету мақсатында облыста жеке отырғызу материалдарының көлемін ұлғайту бойынша мақсатты жұмыстар жүргізілуде. Облыста жалпы ауданы 456,1 га болатын 19 орман питомнигі (11 тұрақты және 8 уақытша) жұмыс істейді, қосымша көшет көлемін ұлғайту үшін Ақмола облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы жалпы ауданы 86 га болатын 2 жаңа тұрақты орман тәлімбақтарын салу үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірледі. Сондай-ақ, облыс әкімдігінің орман шаруашылығы мекемелері жұмыс істеп тұрған уақытша тәлімбақтардың алаңдарын кеңейту және ұлғайту бойынша жұмыстар жүргізді.
Тұрақты орман тәлімбақтарын құру Мемлекет Басшысының Жолдауын іске асыру үшін қажетті отырғызу материалымен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Ақмола облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы