Алматы облысының мемлекеттік орман қоры аумағында Мемлекет басшысының 2 млрд.ағаш отырғызу жөніндегі тапсырмасын орындау туралы баспасөз-мәслихаты

Алматы облысының мемлекеттік орман қоры  аумағында Мемлекет басшысының 2 млрд.ағаш отырғызу жөніндегі тапсырмасын орындау  туралы  баспасөз-мәслихаты

Облысымыздың мемлекеттік орман қоры жерлерінің жалпы аумағы 5,4 млн. га құрайды және облыстың 24,1  % қамтиды. Орманмен көмкерілген жер көлемі 2 млн. га. Облыс аумағының ормандылығы 8,3 %. Орманды жерлердің басым бөлігі Кеген және Балқаш аудандары аумағына тиесілі. Бұл негізі қылқан жапырақты және сексеуілді ормандар.

Жобаны іске асыру мақсатында Алматы облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы Алматы облысы әкімдігімен және табиғат қорғау мекемелерімен  бірлесе 2021-2025 жылдар аралығындағы Алматы облысының ормандарын молайту және орман өсіру көлемін ұлғайту бойынша Кешенді жоспарын әзірледі.

Аталған жоба шеңберінде орманды отырғызу облыс әкімдігінің, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың және басқада  бастамашыл топтардың күштерімен жүзеге асыру қарастырылған. 

Облыс аумағында орманды қалпына келтіру және орман өсіру көлемдерінің іс шаралары орман орналастыру құжаттарына және орман молықтыру талаптарына сәйкес жобаланған.

Кешенді жоспарға сәйкес 5 жыл ішінде  83 млн. ағаштың 71 млн. данасын тұқым себу арқылы; 12 млн. данасын көшет отырғызу арқылы құру жобаланған.

Төмендегі ағаш тұқымы түрлерін отырғызу және себу жоспарланды:

Шренк шыршасы – 3 млн. 193 мың дана.;

Қарағай – 308 мың дана.;

Терек –  237,3 мың дана.;

Қайың – 95 мың дана.;

Қарағаш – 4 млн. 544 мың дана.;

Жиде – 621,4 мың дана.;

Тал – 234,2 мың дана.;

Өрік – 540,83 мың дана.;

Сиверс алмасы – 826 мың дана.;

Сексеуіл – 71 млн. дана.;

Сонымен қатар тұқымбақтарға және орман екпесін құру үшін себуге тұрақты орман тұқым учаскелерінен 140 мың кг орман тұқымдарын жинау жоспарлануда.

        Кешенді жоспарды орындау мақсатында 2021 жылы мемлекеттік орман қорының 255,7 га аумағына 1 млн 069 мың түп ағаш отырғызылды және 500 га жерге қара сексеуіл тұқымы себілді.

Оның ішінде:

Шренк шыршасы – 70 га – 578,1 мың дана.;

Терек –  0,8 га – 2,64 мың дана.;

Қайың – 2,3 га – 7,36 мың дана.;

Қарағаш – 91,6 га – 308,1 мың дана.;

Жиде – 14,6 га – 17,6 мың дана.;      

Өрік – 20,0 га – 33,3 мың дана.;

Сиверс алмасы – 56,4 га – 121,9 мың дана.;

Сексеуіл – 500,0 га – 2500,0 кг.

        Отырғызылған орман екпелерінің жерсінуін күзгі түгендеу қорытындысы бойынша 70 % құрады. 

 

Жобаны іске асыратын мекемемелер

Облыс аумағында Мемлекет басшысының орман қоры жерінде 2 млрд. ағаш отырғызу туралы тапсырмасын облыс әкімдігіне қарасты 14 орман шаруашылығы КММ, 3 МҰТП, 1 МТР, 1 МДП және 1 Селекциалық-тұқым өсіру орталығы іске асуын орындайды.

Жоғарыда аталған мекемелерде орманды молықтыру жұмыстарын орындауға қажетті стандартты отырғызу материалдарымен қамтамасыз ететін 30 дана орман тұқымбақтары бар.

Биылғы жылы тұрақты орман тұқым учаскелерінен барлығы 24,6 тонна орман тұқымдарын жиналды.

Оның ішінде:

Шырша – 154,8 кг;

Жабайы өрік – 660,0 кг;

Қарағаш - 1813,0 кг;

Алма – 194,0 кг;

Емен – 90,0 кг;

Жиде – 229,0 кг;

Қара сексеуіл – 21 466,0 кг.

 

Жобаның қаржыландырылуы

5 жыл ішінде жобаны қаржыландыруға жобалау-іздестіру жұмыстарына (топырақты зерттеу үшін)  республикалық бюджеттен  1 млрд 78 тыс. теңге бөлу, жергілікті бюджеттен ағаш отырғызу көлемін орындауға және талапқа сай келетін техника мен құралдар алуға – 3 млрд. 330 млн. тенге бөлу қарастырылған.

Аталған қаржыландыру шеңберінде 9 трактор, 9 жүк көлігі, 4 көшет отырғызу машинасы, 9 вагон алу жоспарланған.

         Орман шаруашылығы мекемелеріне 2021 жылы 2 трактор, 4 прицеп, 5 соқа және 4 вагон алынды.