Арал теңізінің құрғаған ұлтанында бұрын жүргізілген орман мелиорациялық екпелерді және алдағы уақыттарда орман мелиорациялық екпелер егу жоспарланған аумақтар бойынша көшпелі кеңес өткізілді

Арал теңізінің құрғаған ұлтанында бұрын жүргізілген орман мелиорациялық екпелерді және алдағы уақыттарда орман мелиорациялық екпелер егу жоспарланған аумақтар бойынша көшпелі кеңес өткізілді
 
2021 жылдың 10-12 тамызы аралығында, ҚР ЭГжТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының м.а. Е.Н.Құтпанбаев, Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Б.Жаханов, «Республикалық орман селекциялық тұқым өсіру орталығы» РМҚК-ның директоры Ә.Ғазизұлы, Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы басшысының м.а. И.Абдразахов, Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Б.Оспанов болып, Арал теңізінің құрғаған ұлтанында бұрын егілген орман мелиорациялық екпелер және алдағы уақыттарда орман мелиорациялық екпелер егу жоспарланған аумақтар бойынша көшпелі кеңес өткізді.
Көшпелі кеңес жұмысы ү.ж. 10 тамыз күні Қызылорда облысы әкімдігінде басталды.
Осы күні кеңеске қатысушылар, Арал, Қазалы орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелерінің (бұдан әрі – орман мекемелері) материалдық-техникалық базасымен танысты.
Көшпелі кеңеске қатысушылар 11 тамыз 2021 жылы, Арал теңізінің құрғаған ұлтанында Арал орман мекемесі Қасқақұлан орманшылығының № 83 орамында орналасқан 2013 жылғы (2580 га), № 87 орамында орналасқан 2019 жылғы (5000 га) орман екпелерімен танысты.
Кеңеске қатысушылар, 2021 жылға жоспарланған 100,0 мың га жерге әуеден тұқым себілетін аумақтарда және Су қорынан Арал орман мекемесіне берілген 500,0 мың га жер учаскелерінде болды.
Сонымен қатар Көшпелі кеңес мүшелері, «Республикалық орман селекциялық тұқым өсіру орталығы» РМҚК-ны Оңтүстік-батыс аймақ филиалының орман тұқымбағында 2021 жылы атқарылған жұмыстармен танысты.
Көшпелі кеңеске, Арал орман мекемесі директорының м.а. Н.Тайман, Қазалы орман мекемесінің директоры А.Қадір және «РОСТөО» РМҚК-ны Оңтүстік-батыс аймақ филиалының директоры М.Валиева қатысты.