Алакөл қорығы аумағындағы 7250 га-ға жеткен өрт сөндірілді

Алакөл қорығы аумағындағы 7250 га-ға жеткен өрт сөндірілді
 
 
Өрт шыққан аумақ Шығыс Қазақстан облысы, Уржар ауданына қарасты Алакөл қорығының Сасықкөл көлінің солтүстік жағалауы телімі, 1 инспекторлық айналым ,3 квартал.
Өрт 7250 га ормансыз қамысты алқап аумақы шарпыған. Мекеменің 9 автокөлік техникасы 1 Нива урбан ,1нива шевроле,1Ланд Крузер Прадо,1 Газ Саз өрт сөндіру көлігі,1 Мотоцикл, 2 моторлы қайық,2 Трактор 1мото помпа, және 25 адам қорық қызметкерлері жұмылдырылды.
Өртті өшіруге Тарбағатай МҰТП ен ,өрт сөндіру жасағы 1 өрт сөндіру көлігімен және Уржар аудандық төтенше жағдайлар бөлімінен өрт сөндіру жасағы 1 өрт сөндіру көлігімен , ШҚО Төтенше жағдайлар бөлімінен өрт сөндіру жасағы 1 өрт сөндіру көлігімен, және Уржар ауданының әкімдігінің бастауымен ауылдық окруктерден ерікті өрт сөндірушілер көмекке келеіп өртті бірлесіп өшірді.
Өрт сөндіру барысында зардап шеккендер мен адам шығыны болған жоқ.