Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті «Жасыл аймақ» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар   министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті «Жасыл аймақ» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:    кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім: орман шаруашылығы (орман ресурстары және орман өсіру, аңшылықтану және аң өсіру), құқық (құқықтану), балық шаруашылығы (балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау), биологиялық және сабақтас ғылымдар (биология), бизнес және басқару (экономика), қоршаған орта (экология) және мамандығы бойынша кемінде бес жыл жұмыс өтілі немесе ұйымда басшылық лауазымдарда жұмыс өтілі кемінде бес жыл және (немесе) өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар немесе қоршаған ортаны қорғау саласында кемінде үш жыл жұмыс өтілінің болуы.

Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалардан құжаттар қабылдау басталатын күн бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап айқындалады. Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалардың құжаттарын қабылдау бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он бес күн өткеннен кейін аяқталады.

Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде мынадай құжаттарды ұсынады:

 

      1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;

 

      2) мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;

 

      3) еркін нысанда жазылған өмірбаян;

 

      4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

 

      5) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері;

 

      6) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде          № 6697 болып тіркелді) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.

 

      Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.) бере алады.

«Жасыл аймақ» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны орналасқан жері: 470030, Нұр-Сұлтан қ., Пригородный а, Беласар 1 а к-сі.

Бос лауазымға орналасу конкурсының өту күні мен уақыты сағат 16.00 4 мамыр 2021 жыл.

 Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды тапсыру және конкурс келесі мекен жайда өтеді:  Онлайн форматта ZOOM бағдарламасы арқылы, анықтама үшін телефон: 8 (7172) 74-99-44.