Мемлекеттік орман қоры аумағында 2021 жылдың өрт қауіпі бар маусымына дайындық жүріп жатыр

Мемлекеттік орман қоры аумағында 2021 жылдың өрт қауіпі бар маусымына дайындық жүріп жатыр
Қазақстанның орман алқаптарында өрт қаупі бар маусым әр жыл сайын сәуір айында оңтүстік өңірлерден басталып, қарашаға дейін созылады. Осыған байланысты Экология министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті жыл сайын мемлекеттік орман қоры аумағында өрт қауіпі мол маусымға дайындық бойынша бұйрық шығарады.
Осы құжатқа сәйкес, "Қазавиаорманқорғау" РМҚК, табиғатты қорғау мекемелері, республикалық орман селекциялық-тұқым өсіру орталығы, Сандықтау оқу-өндірістік орман шаруашылығы, "Жасыл Аймақ" РМК мемлекеттік орман қоры аумағында және облыс әкімдіктерінің орман мекемелерінде 2021 жылғы өрт қауіпі бар маусымға дайындықты басталды және ҚР Төтенше жағдайлар министрлігімен орман өрттерімен күрес бойынша өзара іс жоспарын әзірленді.
Қазіргі уақытта облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциялары тарапынан облыстық әкімдіктердің орман мекемелерінің, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымдарының, "Қазақстан темір жолы "ҰК" АҚ жалпы пайдаланымдағы автомобиль және темір жолдарының бойындағы орман жолақтарын, Комитеттің табиғат қорғау мекемелерін, сондай-ақ жоғарыда көрсетілген басқа да мекемелердің өрт қауіпі бар маусымға дайындығы (барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып) тексерілуде.
"Қазавиаорманқорғау" РМҚК орман қорын күзету және қорғау бойынша авиациялық жұмыстарды орындау үшін кәсіпорын қызметтерінің дайындығын қамтамасыз ету ұйғарылды.
Бұдан басқа, аталған ұйымдарға орман және дала өрттерін болдырмау мәселелері бойынша БАҚ-та түсіндіру жұмыстарын күшейту тапсырылды.
Анықтама:
2020 жылы мемлекеттік орман қоры аумағында жалпы ауданы 102 361,67 га 701 өрт оқиғасы орын алды, өрттен келтірілген жалпы залал 2 млрд.115,5 млн. теңгені құрады.
Орман өрттерінің жалпы санынан мемлекеттік орман қоры аумағында дала өрттерінің, оның ішінде ауыл шаруашылығының өртену салдарынан 92 жағдай, басқа ұйымдар мен кәсіпорындардың кінәсінен – 5, халықтың кінәсінен – 49, найзағай разрядтарынан — 303, белгіленбеген себептерден - 252 жағдай туындады.
Ірі орман өрттері фактілері бойынша қызметтік тергеу қорытындылары бойынша мемлекеттік орман күзетінің 203 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды, 21 қызметкерге әкімшілік айыппұлдар салынды.