Ерлан Құтпанбаев Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды

Ерлан Құтпанбаев Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды

Конкурс қорытындысы бойынша Ерлан Құтпанбаев Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды.
Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар Министрлігінің бұйрығымен Ерлан Нұрғанатұлы Құтпанбаев ҚР ЭГТРМ орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды.
Бұған дейін Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Ақмола облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары лауазымын атқарған.
Ерлан Құтпанбаев 1980 жылы 24 қаңтарда дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін «Орман шаруашылығы инженері» мамандығы бойынша бітірген. Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі саласында 2002 жылдан бастап жұмыс істейді, еңбек жолын орман шебері лауазымынан бастаған.