Үміттің Қазақстандағы алғашқы 10 күні

Үміттің Қазақстандағы алғашқы 10 күні

Осы уақыт ішінде мамандар оның қозғалысын бақылап, жүрген жерлерін зерттеп келеді. GPS-қарғыбау арқылы жолбарыстың қай аумақта болғаны анықталып, кейін сол жерлерге далалық тексеру жүргізіледі. Алғашқы күндердің өзінде Үміттің өздігінен аң аулай алатыны белгілі болды. Мониторинг барысында оның қасқырды аулап, бірнеше күн бойы сол олжамен қоректенгені анықталды. Кейін жабайы қабанды да ұстаған. Бұл — Үміттің жаңа ортаға бейімделіп, табиғи жағдайда өз бетінше тіршілік ете бастағанының маңызды белгісі.  Қазір мамандар оның қозғалысын күн сайын қадағалап, табиғи ортаға бейімделу барысын зерттеуді жалғастыруда.  Алғашқы 10 күннің нәтижесі Үміттің табиғи ортадағы дербес тіршілікке бейімделу үдерісі сәтті өтіп жатқанын көрсетеді.