
Қазақстан Республикасы Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Данияр Тұрғамбаев WWF-тің Азия-Тынық мұхиты өңірі бойынша өңірлік директоры Жан-Поль Паддак бастаған Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының (WWF) делегациясымен кездесті. Кездесу аясында WWF Орталық Азияның жаңа директоры Рамаз Гохелашвили таныстырылып, сондай-ақ WWF Орталық Азияның 2026–2030 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары ұсынылды. Тараптар Қазақстанның биоалуантүрлілікті сақтау саласындағы ұлттық мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған ұзақ мерзімді әріптестікті одан әрі дамыту перспективаларын талқылады. Кездесу қорытындысында тараптар Қазақстан мен WWF арасындағы көпжылдық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және басым түрлерді, экожүйелер мен табиғи ландшафттарды сақтауға бағытталған жаңа бірлескен бастамаларды іске асыруға өзара мүдделі екенін растады.