ШАРЫН ҰЛТТЫҚ ПАРКІНДЕ ҚАРА ТАЗҚАРАҒА АЛҒАШ РЕТ GPS/GSM-ТРЕКЕР ОРНАТЫЛДЫ

ШАРЫН ҰЛТТЫҚ ПАРКІНДЕ ҚАРА ТАЗҚАРАҒА АЛҒАШ РЕТ GPS/GSM-ТРЕКЕР ОРНАТЫЛДЫ

2026 жылғы 25 шілдеде Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде қара тазқара балапанына алғаш рет сақина салынып, GPS/GSM-трекер орнатылды. Құрылғы құстың қозғалысын, қоныс аудару бағыттары мен қыстайтын аумақтарын бақылауға мүмкіндік береді. Жұмыс BRCC және RRRCN орнитологтарының қатысуымен жүргізілді. Қазақстанда тазқараларды GPS/GSM-трекерлер арқылы белгілеу бағдарламасы 2024 жылдан бері жүзеге асырылып, бүгінге дейін 8 құс белгіленді.