Шарын ұлттық паркінде Қызыл кітапқа енген сабаншы (манул) кадрға түсірілді!

Шарын ұлттық паркінде Қызыл кітапқа енген сабаншы (манул) кадрға түсірілді!

Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің мемлекеттік инспекторлары Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген сирек жыртқыш аң – сабаншыны (лат. Otocolobus manul) табиғи мекенінде камераға түсірді.

Сабаншы – аса сақ әрі жасырын тіршілік ететін жыртқыш сүтқоректі. Мысықтар тұқымдасына жататын бұл ерекше аңның жүні әлемдегі ең қалың жүндердің бірі саналады. Денесінің әрбір шаршы сантиметрінде 9 мыңға дейін түк өседі. Осындай қалың жүнінің арқасында сабаншы –50°C-қа дейінгі аязға төтеп бере алады.

Табиғатта өте сирек көзге түсетін сабаншының объективке ілігуі – ұлттық парк инспекторларының үздіксіз жүргізіп келе жатқан мониторинг жұмыстарының маңызды нәтижесі.

Шарын ұлттық паркі – сирек кездесетін жануарлардың қауіпсіз мекені.