Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Жасыл аймақ» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Директоры/Бас директоры лауазымына конкурс туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Жасыл аймақ» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Директоры/Бас директоры лауазымына конкурс туралы хабарландыру

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті 

 

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

Конкурс «Е-Қазына» цифрлық платформасына өтеді

 

  1. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
  • кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім: орман шаруашылығы (аңшылықтану және аң өсіру, орман ресурстары және орман өсіру) және орман шаруашылығы, жануарлар дүниесі ұйымдарында, оның ішінде осы біліктілік сипаттамаларында немесе ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда көзделген мамандандырылған ұйымдарда кемінде төрт жыл, оның ішінде басшылық лауазымдарда кемінде екі жыл жұмыс өтіл;
  • орман шаруашылығы, жануарлар дүниесі ұйымдарында, оның ішінде осы біліктілік сипаттамаларында немесе ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда көзделген мамандандырылған ұйымдарда кемінде төрт жыл, оның ішінде басшылық лауазымдарда кемінде екі жыл жұмыс өтіл;
  • Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын; Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзұшылық туралы кодексін; Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін; Қазақстан Республикасының Орман кодексін; Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін; Қазақстан Республикасының Заңдарын: "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы"; "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы"; "Өсімдіктер дүниесі туралы"; "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы"; "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы"; Қазақстан Республикасының Орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және жануарлар дүниесі саласындағы заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерін; еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау, ішкі еңбек тәртібін.
  1. Лауазымдық міндеттері:
  • қолданылып жүрген заңдарға сәйкес мекеменің өндірістік, шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметін қамтамасыз етеді және ұйымдастырады;

-   шаруашылық қызметтің барлық саласы бойынша өндірістік жоспарларды бекітеді;

-      ормандар мен жануарлар дүниесінің мемлекеттік күзетінің жұмысын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді, ормандар мен жануарлар дүниесінің мемлекеттік күзетіне жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуы үшін дербес жауапкершілікте болады;-    ормандарды күзету, қорғау, молықтыру мен орман өсіру, орман пайдалануды реттеу бойынша жұмыстарды ұйымдастырады;

-     ұйымды білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіби білімі мен тәжірибесін ұтымды пайдалану және дамыту, өмір мен денсаулық үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын, ұжымда жайлы психологиялық ахуал орнату бойынша шаралар қабылдайды

  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;
  • барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және тапсырмалар береді;
  • жоғары тұрған орган тағайындайтын қызметкерлерден бөлек, қызметкерлерді жұмысқа қабылдауды және жұмыстан босатуды жүзеге асырады, қызметкерлерді көтермелеу шараларын қолданады және тәртіптік жазалар қолданады;
  • орынбасарлардың, құрылымдық бөлімшелердің басшылары мен қызметкерлерінің міндеттерін бөледі;
  1. Кәсіпорнының сипаттамасы:

Кәсіпорын қызметінің мәні табиғат пайдаланудың және орман өсірудің шектеулі тәртібі бар орман саябақтарын, жасыл және қорғаныш аймақтарын құру жөніндегі жұмыстарын жүргізеді, ағаш-бұта тұқымдыларын тәжірибелік-өндірістік отырғызу және сынау, ормандарды молықтыру және орман өсіру, әртүрлі нысаналы мақсаттағы екпелерді плантациялық өсіру саласындағы жаңа технологияларды байқаудан өткізу жөніндегі ғылыми-өндірістік қызметті жүзеге асыру, сондай-ақ Кәсіпорынның тұрақты жер пайдалануындағы орман қоры жерлерінде орман шаруашылығын жүргізеді.

Кәсіпорын қойылған масаттарды жүзеге асыру үшін келесі қызметтер атқарады:

1)  аумақтың санитарлық-қорғау жасыл аймағын құру жөніндегі жұмыстарды орындау;

2) ормандарды сақтау, қорғау, молықтыру және орман өсіру;

3) орман қоры аумағын өртке қарсы жайластыру және орман өрттерін сөндіруге қатысу, орман зиянкестері мен ауруларына қарсы күрес;

4) өсімдіктер мен жануарлар дүниесі ресурстарын молайту жөніндегі жұмыстар, оның ішінде орман тұқым шаруашылығы жұмыстарын жүзеге асыру, орман тұқымы базасын құру;

5) ағаш кесудің барлық түрлерін жүргізу және бұл ретте алынған сүректі өңдеу;

6) қосалқы орман материалдарын, орманды жанама пайдалануресурстарын дайындау, "қайта өңдеу және өткізу, өз мұқтажы үшін қосалқы ауыл шаруашылығын дамыту;

7) Кәсіпорынның питомнигі мен орман тұқымы плантацияларында өсірілген өсіп кеткен көшет материалын өткізу;

8) пестицидтерді (улыхимикаттарды) сатып алу, пестицидтерді (улыхимикаттарды) сақтау және пестицидтерді (улыхимикаттарды) аэрозольдік (және түтіндету әдістері арқылы қолдану;

9) көгалдандыру жұмыстарын жүзеге асыру үшін екпе заттарын сатып алу.

    

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар 2026 жылдың 18-26 маусым аралығында Е-қазына жүйесінде қабылданады