Дала қыраны (Aquila nipalensis)

Дала қыраны (Aquila nipalensis)

2026 жылғы 16–17 маусым күндері «Алтын Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне қарасты Басши орманшылығы аумағында кезекті далалық зерттеу жұмыстары жүргізілді. Зерттеу барысында Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енген Дала қыранының екі ұясы анықталып, оларға фототұзақтар орнатылып, географиялық координаттары белгіленіп, ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілді.Аталған жұмыстар сирек кездесетін жыртқыш құстардың популяциялық жағдайын зерттеуге, олардың таралу аймағын бақылауға және сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған маңызды ғылыми зерттеулердің бір бөлігі болып табылады.