«Зелёный щит Центральной Азии»: новый этап регионального сотрудничества в борьбе с климатическими вызовами«Орталық Азияның жасыл қалқаны»: климаттық сын-қатерлерге қарсы күрестегі өңірлік ынтымақтастықтың жаңа кезеңі

«Зелёный щит Центральной Азии»: новый этап регионального сотрудничества в борьбе с климатическими вызовами«Орталық Азияның жасыл қалқаны»: климаттық сын-қатерлерге қарсы күрестегі өңірлік ынтымақтастықтың жаңа кезеңі

Астанада қаласында Өңірлік экологиялық саммит аясында «Орталық Азияның жасыл қалқаны: қорғаныш орман белдеулері мен жасыл тосқауылдардың өңірлік жүйесі (2026-2035)» атты панельдік сессия өтті. Бұл бастама климаттың өзгеруі мен жердің тозуына қарсы күресте аймақ елдері арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.

Іс-шара Орталық Азия елдерінің үкімет өкілдерін, халықаралық ұйымдарды және орман шаруашылығы саласының сарапшыларын біріктіріп, орман экожүйелері мен жасыл тосқауылдар жүйесін құру мәселесін талқылауға арналды.

Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев пен БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) Еуропа және Орталық Азия бойынша өңірлік өкілі Виорел Гуцу сөз сөйледі.

Бірінші сессия барысында қатысушылар орманды қалпына келтірудің ұлттық стратегиялары мен өңір елдерінің «Орталық Азияның жасыл қалқаны» бастамасын іске асыруға қосқан үлесін талқылады. Талқылауға Қазақстан, Қытай, Түрікменстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстанның жоғары лауазымды өкілдері қатысты.

Негізгі оқиға «Орталық Азияның жасыл қалқаны» резолюциясына қол қою рәсімі болды. Бұл құжат елдердің жерді қалпына келтіру, қорғаныш орман белдеулерін құру және өңірдің климаттық тұрақтылығын нығайту бойынша бірлескен тәсілдерді дамытуға деген ниетін бекітеді.

Екінші сессия тәжірибе алмасу және қаржылық ресурстарды жұмылдыру мәселелеріне арналды. БҰҰДБ, GIZ және БҰҰ-ның Шөлейттенуге қарсы күрес жөніндегі конвенциясын қоса алғанда, халықаралық ұйымдардың өкілдері тұрақты жер пайдалану мен климаттың өзгеруіне бейімделуді қолдау құралдарын таныстырды.

Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар 2026–2035 жылдарға арналған бастаманы іске асырудың негізгі бағыттарын келісіп, өңірлік ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екендерін растады.

«Орталық Азияның жасыл қалқаны» бастамасы экожүйелерді сақтау, ауыл шаруашылығының тұрақтылығын арттыру және өңірдің халықаралық экологиялық міндеттемелерін орындау жолындағы маңызды қадам ретінде қарастырылады.