
Орталық Азия елдерінің Өңірлік экологиялық саммит аясында биоалуантүрлілікті сақтау және табиғи ресурстарды тұрақты басқару саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған «Өңірдің тұрақты дамуы жолындағы табиғатпен үйлесімділік» атты өңірлік бастамаға ресми түрде бастама беру жоспарлануда.
Орталық Азия бірегей табиғи мұраға ие және киік, қар барысы, қарақұйрық, арқар, құлан, сондай-ақ көптеген қоныс аударатын құстар сияқты сирек және жойылып кету қаупі бар түрлердің маңызды мекендеу және көшу аймағы болып табылады. Климаттың өзгеруі, жердің тозуы, ландшафтардың фрагментациясы және антропогендік жүктеменің артуы сияқты өсіп келе жатқан сын-қатерлер жағдайында өңір елдері ортақ экожүйелер мен табиғи көші-қон дәліздерін қорғау бойынша бірлескен іс-қимылды күшейтуде.
Іс-шараның негізгі нәтижесі ретінде Орталық Азия елдерінің биоалуантүрлілікті қорғау және оны тұрақты басқару саласындағы ынтымақтастығы туралы «Өңірдің тұрақты дамуы жолындағы табиғатпен үйлесімділік» атты Өңірлік декларацияға қол қою, сондай-ақ Шатырлық бағдарламаны, іс-қимыл жоспарын және ресурстарды жұмылдырудың өңірлік жоспарын әзірлеу үдерісін іске қосу көзделуде. Бұл бастама биоалуантүрлілікті сақтау жөніндегі ұлттық стратегиялар мен іс-қимыл жоспарларына, өңір елдерінің ұлттық басымдықтарына, сондай-ақ Биологиялық әртүрлілік туралы конвенция және Куньмин–Монреаль жаһандық негіздемесі шеңберіндегі халықаралық міндеттемелерге сүйенеді.
Аталған бастама Орталық Азия елдері арасындағы тұрақты өңірлік ынтымақтастық платформасын қалыптастыруға, саяси міндеттемелерді нығайтуға және Биологиялық әртүрлілік туралы конвенция Тараптарының алдағы 17-конференциясында бірлескен бастамаларды ұсыну үшін келісілген өңірлік ұстанымды әзірлеуге маңызды қадам болады деп күтілуде.