«Охотзоопром» ӨБ РМҚК-на жұмыс сапары өтті

«Охотзоопром» ӨБ РМҚК-на жұмыс сапары өтті

2026 жылғы 10 сәуірде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Данияр Тұрғамбаев «Охотзоопром» ӨБ РМҚК-на жұмыс іссапарымен барды.

Сапар барысында кәсіпорынның 2025 жыл және 2026 жылдың I тоқсаны бойынша қызметінің қорытындылары шығарылып, сондай-ақ ағымдағы кезеңге арналған басым міндеттер қарастырылды. Өңірлік филиалдар басшыларының және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар өкілдерінің баяндамалары тыңдалды.

Жануарлар дүниесін қорғау жағдайына және инспекторлық құрамның жұмыс тиімділігіне ерекше назар аударылды, сондай-ақ киіктердің санын жыл сайынғы есепке алу шараларын дайындау мен өткізу және киіктердің ауыл шаруашылығы алқаптарын таптауын азайту мақсатында ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне қолдау көрсету мәселелері қарастырылды. Кеңес қорытындысы бойынша кәсіпорын қызметінің нәтижелілігін арттыруға және атқарушылық тәртіпті күшейтуге бағытталған тапсырмалар берілді.

Атап айтқанда, жануарлар дүниесін қорғау саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу мәселелері бойынша ішкі істер органдарымен ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту, сондай-ақ инспекторлық құрамды білікті кадрлармен толық қамтамасыз ету және олардың кәсіби деңгейін арттыру тапсырылды.

Қосымша түрде қызметтік тәртіпті нығайту, инспекторлардың жеке жауапкершілігін арттыру және процессуалдық іс-әрекеттерді жүргізу кезінде заңнама талаптарының қатаң сақталуын қамтамасыз ету жөнінде міндеттер қойылды.

Қабылданған шешімдер жануарлар дүниесін қорғау тиімділігін арттыруға және кәсіпорын қызметінің белгіленген көрсеткіштеріне қол жеткізуге бағытталған.