
8 сәуір күні «Парктер шеруі – 2026» табиғат қорғау акциясы аясында «ЭКОBALA: Ақсу-Жабағылы – 2026» экологиялық конкурсы өтті.
Конкурстың мақсаты – оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, Ақсу-Жабағылы қорығының биоалуантүрлілігін зерттеуге қызығушылығын арттыру, сондай-ақ табиғатты қорғауға бағытталған зерттеу және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Іс-шараға 6 мектептің оқушылары қатысып, 4 кезең бойынша бақ сынасты:
I кезең – зерттеу бағыты: «Егер Ақсу-Жабағылы сөйлей алса…»
II кезең – шығармашылық бағыт: «Цифрлық туризм / STEM»
III кезең – «Ақсу-Жабағылы тірі подиум»
IV кезең – көрме: «Эко-макет аймағы»
Конкурстың әділ қазылар алқасының құрамында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті оқытушылары, Түлкібас аудандық білім бөлімінің мамандары және қорық қызметкерлері болды.
Табиғатты қорғау – әрқайсымыздың ортақ міндетіміз!