Өмірін орманға арнаған

Өмірін орманға арнаған

Еңбек сіңірген орман өсіруші, "Семей орманы "МОТР" РММ Бас директоры Константин Михайлович Гамаюровтың өмірден озғаны туралы терең күйзеліспен хабарлаймыз.

Константин Михайлович өмірінің 34 жылын орман шаруашылығына арнаған. Жұмыс сапарын техник болып бастап, "Семей орманы" резерватының бірінші басшысы лауазымына дейін жеткен. Орман саласының игілігі үшін отыз жылдан астам уақыт ішінде Ол республиканың орман байлығын сақтау және көбейту ісіне өлшеусіз  үлес қосты.

Константин Михайлович жұмыс қабілеті мен еңбекқорлығының арқасында адамдарды баурап, кезіккен адамға орманға деген сүйіспеншілікті дарытып отыратын. Ол үлкен тәжірибесі, жоғары кәсібилік және ұйымдастырушылық қабілеттері арқасында әріптестері арасында беделді, халық арасында құрметті болды.

Әріптестерінің жадында Ол тек кәсіби деңгейі жоғары маман ғана емес, ең алдымен алып жүректі, талантты, әділ, Туған орманы мен өмірге ғашық адам ретінде сақталып қалары сөзсіз.

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Константин Михайлович Гамайровтың туыстары мен жақындарымен мезгілсіз қайтыс болуына байланысты қайғырып, шын жүректен көңіл айтады.