
Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің 30 жылдығына орай, тұрақты туризмді дамыту және туристік инфрақұрылымды жаңғырту шеңберінде, парктің жүрегінде жаңа «Бұтақты» визит-орталығының салтанатты ашылуы өтті.
Жоба «Туранга Групп» компаниясы мен «ІлеАлатауы» Ұлттық паркінің серіктестігімен жүзеге асырылды, оған Алматы қаласы әкімдігінің электр желілерін тарту бойынша қолдау көрсеткенін ерекше атап өту қажет. Сондай-ақ, жобаны іске асыру барысында Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетінің көрсетті.
«Туранга Групп» жобаның операторы ретінде, ал QazaqNationalParks компаниясы маркетингтік операторы ретінде қызмет атқарады.
Визит-орталықтың ашылу салтанатына Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетініңтөрағасы Данияр Тұрғамбаев қатысты.
«Бұтақты» визит-орталығы Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарына әрдайым ашық. Кешен екі бөліктен тұрады: негізгі визит-орталық және кафе ғимараты. Кешенде «Бұтақты» деп аталатын кафе ашылды. Кафенің қызметін жоба серіктесі — белгілі кәсіпкер әрі экоактивист Сергей Спицын басқарады, ол таулы және туристік инфрақұрылымды дамытуға белсенді қатысып келеді.
Визит-орталықтың инфрақұрылымы келесі қызметтерді қамтиды: • заманауи қоғамдық дәретханалар; • тамақтану пункті; • тимбилдинг және шеберлік сабақтары алаңы; • мектеп, мемлекеттік және жеке топтар үшін ашық ауада білім беру және мәдени бағдарламалар; • ұлттық паркке арналған жаңа коллекциядағы сувенирлер мен фирмалық мерч, навигация және брендтеу, табиғи паркке насихат жасауға бағытталған.
Жобаның аясында «Туранга Групп» компаниясы жүзеге асырған, QazaqNationalParks бренді аясындажұмыс істейтін 6 визит-орталық қызмет етеді, олар қауіпсіз, қолжетімді және заманауи туристік ортаны қалыптастыруға бағытталған.
Компанияның жеке инвестицияларының жалпы көлемі 8,5 млрд теңгені құрады. Жобаның аясында 200тұрақты жұмыс орны құрылды, оның ішінде «Бұтақты» визит-орталығында 20 жаңа жұмыс орны ашылды. 2020–2025 жылдар аралығындағы жалақы қоры 2 млрд теңгені, ал салық түсімдері 700 млн теңгені құрады.
Визит-орталықтардың ашылуынан кейін ұлттық парктердің келушілер саны тұрақты өсім көрсетіп отыр: • Іле Алатауы ұлттық паркі: 2019 ж. — 300 000келуші, 2025 ж. — 950 000 келуші (3 есе өсім); • Шарын ұлттық паркі: 2022 ж. — 50 000 келуші, 2025 ж. — 250 000 келуші (5 есе өсім). Алдағы жоспарлар шеңберінде Үлкен Алматы көліне жаңа визит-орталық салу жұмыстары басталады. Жобаны әйгілі сәулетші Рикардо Марини, Глазго қаласының бұрынғы сәулетшісі (Шотландия) әзірледі.
Компания жобалары 2024–2029 жылдарға арналған «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетті дамыту концепциясы аясында жүзеге асырылады (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 31 қазандағы № 910 Қаулысы).
Жаңа «Бұтақты» визит-орталығы экологиялық білім беру, мәдени және оқу іс-шаралары, эко-белсенділіктер, шеберлік сабақтары мен тимбилдингтер үшін заманауиалаң болып табылады, бұл тұрақты туризм менэкологиялық мәдениетті Қазақстанда насихаттауға үлес қосады.