
Көктемнің шуақты мерекесі – 8 наурыз қарсаңында табиғатты қорғау жолында аянбай еңбек етіп жүрген нәзік жандыларымызға ерекше алғыс білдіреміз.
«Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ұжымында 2006 жылдан бері әртүрлі қызметтер атқарып, 2012 жылдан бастап орман кадастры бойынша инженер қызметін абыроймен атқарып келе жатқан Негметова Каламкас Бегайдаровна – өз ісіне адал, білікті маман.
Жылдар бойы жауапкершілік пен кәсібиліктің үлгісін көрсетіп, ұжым арасында сыйлы, беделді қызметкер атанып келеді. Табиғатты қорғау мен орман қорын есепке алу саласындағы еңбегі – парктің дамуына қосылған зор үлес.
Әке жолын жалғап, орман саласына адал қызмет етуді өмірлік мұрат еткен жан. Әкесі – Мұстафин Бегайдар Айтмағанбетович, орман шаруашылығы жүйесінде ұзақ жылдар бойы еңбек етіп, Озерный және Бұрлық орманшылықтарында бас бухгалтер, лесоуправлениеде бухгалтер-ревизор қызметтерін атқарған. Бұл – орман саласына деген құрмет пен жауапкершіліктің отбасылық дәстүрге айналғанының айқын көрінісі.