Қыс мезгіліндегі жабайы жануарларға қамқорлық

Қыс мезгіліндегі жабайы жануарларға қамқорлық

Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Берел орманшылығы аумағында қыс кезеңінде жабайы жануарларды қолдауға бағытталған маңызды биотехниялық іс-шаралар жалғасуда. Азықтандыру алаңдарына тұрақты түрде шөп, бейнек, жем мен тұз жеткізіліп, жануарлардың қыстың қатаң жағдайынан аман шығуына жағдай жасалуда.

Азықтандыру алаңдары қалай орналастырылады? Инспекторлар жануарлар жиі жүретін соқпақтар мен олардың белсенділігі жоғары орындарды зерттеп, ең қолайлы аумақтарды анықтайды.

Сонымен қатар аумақта дрон көмегімен патрульдік бақылау жүргізіліп, бұл жұмыстардың тиімділігі арта түсуде.