Қар барысына кезекті GPS құрылғысы орнатылды

Қар барысына кезекті GPS құрылғысы орнатылды

«Алтынемел» ұлттық табиғи паркінде тағы бір қар барысына GPS құрылғысы сәтті орнатылды. Алдағы уақытта қосымша 2 қар барысына навигациялық құрылғы орнату жоспарланып отыр.

Спутниктік қондырғылар – бұл жануарлардың қозғалысы туралы мәліметті мамандарға жіберіп, олардың көші-қонын зерттеуге, қауіп-қатерлерді анықтауға және оларды азайту бойынша ұсыныстар әзірлеуге мүмкіндік беретін арнайы мойындықтар. Бұл мойындықтар толықтай экологиялық әрі қауіпсіз.

Бұл бірегей іс-шара ұлттық парктің қызметкерлері, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті және Зоология институтының жетекші мамандарының тығыз ынтымақтастығы нәтижесінде жүзеге асырылуда. Мамандардың деректері бойыншабиыл белгіленген бұл қар барысы – зерттеу басталғалы тіркелгендердің ішіндегі ең ірісі.

Қазақстандағы қар барысын қорғау және зерттеу жұмыстары жалғасуда.